(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕТІМ БАЛАНЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫН...

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2020 жылғы 24 сәуірдегі

№ 158 Бұйрыққа 7-қосымша

 

Осы редакция 2022 жылғы 3 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау»

мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары

(2022.21.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.

2. ҚР Білім және ғылым министрінің 2022.21.02. № 55 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2022.21.02. № 55 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - Стандарт) көзделген құжаттарды қоса бере отырып осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.